Енді қытайлықтар Ресейге визасыз кіре алады
Ресей Қытай азаматтарына ел аумағына туристік, іскерлік және бірқатар гуманитарлық мақсаттармен визасыз кіруге мүмкі ...
Ұшақтардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты рейс барысында Жаңа Зеландияда бір аралық қону жоспарланып отыр.
2025 жылғы желтоқсанда China Eastern Air Holding компаниясы Шанхайдан Буэнос-Айреске дейінгі жаңа бағытты іске қосады. Бұл әлемдегі ең ұзақ әуе рейсі болмақ, деп хабарлайды Zhongguo Wang.
Шамамен 20 мың шақырымды құрайтын әуе қатынасы екі мегаполистің арасындағы жол уақытын 30 сағаттан 25 сағатқа дейін қысқартады. Ұшақтардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты рейс барысында Жаңа Зеландияда бір аралық қону жоспарланып отыр.
Мамандардың айтуынша, дәстүрлі бағыттар көбіне Еуропа немесе Солтүстік Америка арқылы бірнеше ауысымды қажет етеді. Ал жаңа рейс Оңтүстік Америка астаналарын Бейжің және Шанхаймен тікелей байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл Қытайдың халықаралық әуе қатынасын ең алыс нарықтарға дейін кеңейтуге жол ашады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов "Грэмми" сыйлығына ұсынылды
Ресей Қытай азаматтарына ел аумағына туристік, іскерлік және бірқатар гуманитарлық мақсаттармен визасыз кіруге мүмкі ...
Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан. Қытай Ха ...
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 5-6 қараша күндері "Қорғас" шекара маңы ынтымақт ...