2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Алматылық клуб сырт алаңда 4:1 есебімен жеңіліс тапты.
18 жастағы "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрза Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алғашқы турында "Спортингке" қарсы ойында пенальти қайтарды. Жас голкипер турнир тарихына 11 метрлікті тойтарған екінші ең жас қақпашы ретінде енді. Қалмұрза бұл жетістікке 18 жас 95 күнінде қол жеткізді. Бұған дейін мұндай көрсеткішті тек 2017 жылы "Бенфика" сапында 18 жас 65 күнінде Миле Свилар көрсеткен болатын. Қазір ол Римнің "Ромасында" ойнайды. Лиссабонда өткен кездесу алаң иелерінің 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, алматылықтардың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий плей-офф кезеңіндегі "Селтикке" қарсы алғашқы ойында жарақат алған еді. Ал іріктеу кезеңінің басты қаһарманы, жауапты ойында "Селтикке" қарсы серияда үш пенальти қайтара білген Темірлан Анарбеков 14 қыркүйекте өткен ҚПЛ-2025 турындағы "Ақтөбеге" қарсы кездесуде жақ сүйегін сындырып алған.
"Қайрат" келесі кездесуін 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында "Реал Мадридке" қарсы өткізеді.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...