Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Алматыда ерекше жандардың әлеуетін ашуға арналған орталық жұмысын бастады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл кеңістік мүгедектігі бар балалар мен олардың ата-аналарына, қарапайым қала тұрғындары үшін де қолжетімді. Орталық үш негізгі бағытта жұмыс істейді. Алдымен жастарға түрлі мамандықты меңгеруге жағдай жасалады. Кейін сол білімді әлеуметтік салада сынап, кәсіби тәжірибе жинайды. Үшінші бағыт ерекше балалардың аналарына арналған. Мұнда психологиялық қолдау көрсетіліп, тігін, тоқыма және қолөнер сабақтары өткізіледі. Жасөспірімдер үшін әлеуметтік кофеханада диджейлік пен баристаның қыр-сырын үйрету қарастырылған. Осылайша, болашақта дербес өмірге қадам басып, өз еңбегімен табыс табуға мүмкіндік алады.
Рауан Сағадиева, орталық жетекшісі:
- Мен өзім ерекше баланың анасы болғандықтан, біз 3 жылдан бері осындай ерекше қажеттілігі бар балалардың, оның ішінде мүгедектігі бар, оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар, аутизм, басқа да диагноздары бар балалармен жұмыс жасаймыз. Ол жерде ең бірінші балаларға әлеуметтік қолдау, оларды ортаға қосу, үйрету, коррекциялық жұмыстар жасалады және өзін өзі қамтамасыз ету жұмыстары жасалады.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...