• 01-05-2026

Грек-рим күресінен әлем чемпионатында этникалық қазақ Өзбекстанға алтын медаль алып берді

Загребтегі грек-рим күресінен әлем чемпионатында этникалық қазақ Айтжан Халмаханов Өзбекстан құрамасына тарихи жеңіс сыйлады деп хабарлайды 1bol.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, күрес түрлерінен Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ балуаны Айтжан Қалмаханов 63 келіде жеңімпаз атанды.

Финалда ол Оңтүстік Кореядан келген Чунг Хан-Жэні жеңді. Ал, ширек финалда қазақстандық Ержет Жарылқасыннан басым түскен.

19 жастағы Айтжан бұған дейін жастар арасында әлем чемпионатында және Азия біріншілігінде топ жарған. Жыл басынан бері ірі үш жарыста чемпион атанды.

Айта кетейік, дәл осы чемпионатта 60 келіде қазақ балуаны Айдос Сұлтанғали жеңімпаз атанған еді. Ол – XXI ғасырда Қазақстан тарихында күрестің осы түрінен чемпион атанған алғашқы балуан.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз