Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
ҚР Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей Федерациясынан бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген азамат экстрадицияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында аталған тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған шарттар жасасып, аффилирленген компаниялар арқылы ақша қаражатын аудару жолымен "Самұрық-Энерго" АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар осы жылдың мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Қылмыстық заңмен айыпталған әрекетті жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Елдің Сыртқы істер министрлігі осындай үндеу жасады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге Германияға ба ...
Бұған украин дрондарының өткен айдағы шабуылынан кейін Ресейдің мұнай тиеу инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарының тұра ...