Алтай Әлі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Алтай Сембекұлы Әлі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі) лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.
Алтай Сембекұлы 1985 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы "Рахат" Қазақ-Австрия бірлескен кәсіпорны АҚ-да байланыс орталығының қызметкері болып бастаған.
Әр жылдары "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау департаментінің менеджері, Астана қалалық сотының бас маманы, Премьер-министр кеңсесінің құрылымында жұмыс істеген.
Сонымен бірге Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, көмекшісі, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі, Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қараша айынан бастап жаңа қызметіне дейін Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көлік бақылау комитетінің төрағасы болған.
Көлік министрінің бұйрығымен ол бұл қызметінен босатылды.
Айта кетелік, бұған дейін Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-