• 01-05-2026

"Астана – Орал" бағытында жаңа вагондар қатынай бастады

"Астана – Орал" бағытында жаңа вагондар қатынай бастады, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, жекеменшік теміржол тасымалдаушысы вагон паркін жаңартуды жалғастырып, желіге жаңа үш плацкарт вагон шығарған.

Тасымалдаушы бұған дейін ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы вагонды іске қосқан болатын.

Жаңа вагондарда кондиционер, тоңазытқыш, арнайы пеш бар. Сондай-ақ вагондар розеткалар мен гаджеттерді қуаттауға арналған USB-ұяшықтармен жабдықтылған.

Қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары мен 4G-модемдер қойылған, ал қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жолаушыларға QR арқылы пікір қалдыру жүйесі енгізілген.

Бүгінде компанияның 23 вагоны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, бұл "Астана – Орал" бағыты бойынша сапарларды қауіпсіз әрі жайлы етпек.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз