Абай облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартты, деп хабарлайды Polisia.kz медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Медиа-порталдың жазуынша, Қазақстанда халықтың денсаулығын нығайту және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жүзеге асырылып жатқан "Ішімдіксіз ауыл" жобасы нақты нәтижелер беріп жатыр.
Соның жарқын мысалы ретінде Абай облысы Бесқарағай ауданына қарасты Бірлік ауылы ерекше атап өтуге болады.
Биыл ауыл тұрғындарының бірауыздан қабылдаған шешімнің нәтижесінде Бірлік елді мекені ішімдіксіз ауыл мәртебесін алған.
Бүгінде ауыл дүкендерінде алкоголь өнімдері мүлде сатылмайды, ал 350 тұрғынының барлығы дерлік ішімдік тұтынудан бас тартқан.
"Балаларымыз ішімдіктің не екенін білмей өссе, бұл – үлкен жетістік", — дейді ауыл тұрғындары.
Айта кетелік, бұған дейін еліміздегі ішімдіксіз ауылдар қатарына Қызылорда облысындағы Таң ауылы да қосылған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-