• 01-05-2026

Ішкі істер министрлігі қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект енгізіп жатыр

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын енгізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 қазан күні министрлікте үміткерлердің білімін бағалау жүйесіндегі ашықтықты арттыруға бағытталған инновациялық платформаны әзірлеушімен кездесу өтті, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты дамытуға және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қоюға мүдделілік танытты.

"Мұндай ынтымақтастық іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бұл ашықтықтың, тиімділіктің және сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жуырда Қазақстанның инновациялар саласындағы рейтингі белгілі болды.