Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың шетел валютасын сатып алуына қатысты жалған ақпарат тараған. Бұл туралы Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Орталықтың мәліметінше, кейінгі кезде әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде "жеке тұлғалар шетел валютасын сатып алу кезінде оның мақсатын міндетті түрде көрсетуге тиіс" деген мазмұндағы мәлімдемелер белсенді түрде тарала бастаған.
Ұлттық банк өкілдерінің түсіндіруінше, мұндай мәліметтер шындыққа жанаспайды.
"Аталған тәртіп тек сыртқы экономикалық міндеттемелер шеңберінде валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғаларға ғана қатысты. Жеке тұлғалар шетел валютасын сатып алу кезінде оның мақсатын растаусыз және кері сату міндеттемесінсіз еркін айырбастай алады.
Жаңа заңмен көзделген өзгерістер валюталық нарықтың ашықтығын арттыруға, оның қатысушыларын қорғауға бағытталған және қаржы секторының қазіргі жағдайын ескереді. Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын шектемейді", — делінген хабарламада.
Аталған тәртіп Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды жүргізу қағидаларымен белгіленген.
Бұл қағидалар валюталық нарықтың тұрақтылығына теріс әсер ететін және экономиканың долларлануына ықпал ететін алыпсатарлық операциялардың алдын алуға бағытталған.
Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы қандай да бір ақпаратты жариялар алдында оның шынайылығына көз жеткізіп, тексеруді ұсынады. Орталық жалған ақпаратты таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-