• 01-05-2026

Рыбакина Уханьдағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің тоғызыншы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина турнирдің екінші айналымында румыниялық теннисші, әлемнің 48-ракеткасы Жаклин Кристианмен (48-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті. Есеп – 6:4, 6:3.

Осылайша, Елена 1/8 финалға жолдама алды, ал қарсыласы турнирдегі өнерін аяқтады.

Енді отандасымыз келесі айналымда польшалық теннисші Линда Носковамен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, биылғы Ухань турнирінің жүлде қоры – 3 654 963 АҚШ доллары. Жеңімпаз 596 мың доллар және 1000 рейтингтік ұпай иеленеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – Беларусь спортшысы, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.