• 01-05-2026

Туған қызын 8 жыл бойы зорлап келген: Талдықорғанда ер адам өмір бойына сотталды

Талдықорғанда туған қызын 8 жылдан бері зорлап келген педофил әке өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Қыз бала туған әкесінен қорқып, басына түскен қайғысын біреуге айтудан қорыққан. Себебі әкесі анасын және бауырларын өлтіремін деп қорқытқан.

Бұл қылмыс әкесі кезекті рет қызын зорлап жатқан жерінен анасы үстінен түсіп, ұстап алған сәтте ғана ашылған.

Сот барысында педофил әке кінәсін мойындамағанымен, сараптама нәтижелері мен куәгерлердің айғақтары оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы («Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.