Актёр, музыкант, жайдарманшы Қабдол Тілеков "Бүгін LIVE" бағдарламасында шығармашылықтағы жаңалықтары, "Меховая 8/1" тобы және отбасы жайлы ағынан жарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Музыка, актёрлік, "Жайдарман", келіндердің бетін ашумен айналысамын. Қазір 32 жастамын, енді жаңа қырым — спортпен айналыса бастадым", — деп, әңгімесін әзілмен бастады ол.
Жуырда әнші "Достар-ай" атты жаңа әнінің жарық көргенін айтты. Әннің авторы – Ерболат Қарақойшы.
"2010 жылдан бастап өнерде, сахнада жүрмін. Чемпион болмасақ та, "Жайдарман" елге танылуға себеп болды. Ата-анам басында "Жайдарманда" ойнауыма қарсы болған. 2009 жыл. Жыладым, ол кезде қаражат жағы қиын болды. Мектептің атынан барғым келді. Ата-анам қарсы болып, жыладым. Үйдегілер қарызданып қалған еді, сонда керегі — 25 мың теңге. Барып келгеннен кейін қызығушылығым артты. Қазір жемісін көріп жатырмын", – деп еске алды актёр.
Сонымен қатар Қабдол Тілеков "Меховая 8/1" тобы жайлы айтты.
"Меховая 8/1" тобының мүшелері – "жайдарманшы" жігіттер. Сахнада — қарсыласпыз, өнерде —доспыз. Орал қаласында Меховая 8-де студия болған. Отырыста "біз де әнші боламыз, топтың атын Меховая 8/1 деп қоямыз" деп әзілдейтінбіз. Содан кейін әндеріміз танымал бола бастаған соң, топтың атын қалай қоямыз деп, ақыры "Меховая 8/1" деп қойдық", – дейді Тілеков.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-