• 01-05-2026

Ақ және сары жол таңбаларының айырмашылығы неде

Жол таңбалары – жол қозғалысы ережелерінің маңызды бөлігі. Олар көлік қозғалысын реттеп, жолдағы барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Таңбалар екі түрге бөлінеді: көлденең және тік. Көлденең жол таңбалары ақ және сары түстерде болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қазанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ақ және сары таңбалардың айырмашылығын түсіндірді.

Ақ жол таңбасы:

  • Қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөледі және қозғалыс жолағының шекарасын көрсетеді;
  • Бағдаршам немесе жол қиылысында қозғалыс бағытын белгілейді;
  • Қалалық көшелерде және трассаларда қозғалыс жолақтарын, жаяу жүргінші өткелдерін және басқа да элементтерді белгілеу үшін қолданылады.

Сары жол таңбасы:

  • Тоқтауға немесе көлік қоюға тыйым салынған жерлерді көрсетеді;
  • Қоғамдық көлік пен такси аялдамаларын белгілейді;
  • Бағдаршам арқылы реттелетін жол қиылысы аймақтарын белгілейді.

Маңызды есте сақтайтын жайт:

  • Егер жолда ақ және сары таңба қатар болса, басымдық сары түске беріледі;
  • Егер сары таңба ақ сызықтың үстінен салынса, жүргізушілер сары таңбаға назар аударуы тиіс.