• 01-05-2026

Демалыс күндері кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін

Синоптиктер демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар ел бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал.

Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде төмендейді: түнде термометр бағаны -3…-10 °C-қа дейін, күндіз -3…+5 °C-қа дейін төмендейді.

Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз