• 16-12-2025

Сарапшы базалық мөлшерлемені көтермегенде қандай жағдай болатынын айтты

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18%-ға (±1 б. п. дәлізі бойынша) дейін көтеріп, маңызды қадам жасады. Бұл шешім банк секторына, бизнеске, ақыры қарапайым халыққа қалай әсер етеді? Бұл сауалға экономист Руслан Сұлтанов жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл ұзақ уақыт бойы күтілген шешім, сондықтан ол қатаң сипатқа ие болды. Ұлттық Банк күткен таңғажайып жағдай экономикада орын алмады. Тамыз бен қыркүйек айларындағы мәліметтер бұл реттегі үмітті түбегейлі жойды. Бойын тіктеген инфляция еш ауыздықтауға келмеді.

"Бір жағынан экономика шектен тыс қызып кетті: ЖІӨ-нің рекордтық өсімі (жыл басынан бері +6,5%), тағы бір жағынан сұранысты арттырып, экономикаға көптеп жұмсалған бюджеттік ақшалар. Үлкен ақша массасы нарыққа жол тартты, бірақ тауарлар мен қызметтердің саны оның ізінен "қуып жете алмай қалды". Сонда ақша қайда баруы керек? Әрине, бағаға. Біз соның нәтижесінің кусі болып отырмыз: жылдық инфляция 12,9%-ға дейін, ай сайынғы инфляция 1,1% -ға дейін өсті. Мұндай жағдайда таңдау бізде екі таңдау ғана болды: "қымбат ақша" немесе ертең бағаға қатысты бақылау мен теңгеге деген сенімді толықтай жоғалту", — дейді Telegram-дағы Tengenomika арнасының авторы.

Ол бұл шешімнің соңына дейін созып жүріп, қабылдануына не түрткі екеніне де тоқталды.

"Маусымдық кезеңдегі үміттерден бөлек, реттеуші орган жұмсақ "сақтандырғыштарды" іске қосылуы үшін уақыт керек деп санады: ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТРТ) қайта қарау және тұтынушылық несиелеуді шектеу. Бірақ бұл бірден жеміс беретін шаралар емес, қыркүйек айында жүйеде өтімділік профициті болжамды 3,5 трлн теңгеден 2 трлн теңгеге дейін қысқарды. Инфляциялық шоқ бұл шаралар әсер бергенге дейін тез өртке айналды. Осыны түсінген кезде ғана тарифтерді күрт көтеруге тура келді", — дейді ол.

Базалық мөлшерлемені көтермесе не болар еді?

"Бұл арадағы қорқыныш — "түрік сценарийі". Ондағы билік инфляцияның қарыштап қанат жайғанына қарамастан экономикаға үлкен зиян келтіретін ынталандыру шараларына көп жүгінді. Әрине, қысқа мерзімді перспективада бұл әдемі сандарды алға тарта алады, бірақ ақыр соңында зор өкініш тудырып, тұрақтылықтың жоғалуына әкеліп соғады. Мөлшерлемені көтерудегі негізгі міндет — теңгелік активтерге тартымдылықты шұғыл қайтару. Төмен нақты кірістілік (14,3% депозиттердің орташа мөлшерлемесі 12,9% инфляцияны әрең қамтыған кезде) өткеннің қойнауында қалуы керек. Егер банктер әрекет етіп, салымдар бойынша ставкаларды көтерсе, адамдарға ақшасын теңгеде сақтау әлдеқайда тиімді болады деп санаймын", — дейді экономист.

Банктер үшін базалық мөлшерлеменің көтерілуі нені білдіреді?

"Банк секторы үшін жеңіл ақша дәуірі аяқталуға жақын. Қаржы секторы үшін базалық мөлшерлеменің көтерілуі төбеден құйылған суық сумен тең. Банктер дәстүрлі несиелеу тәсілі арқылы ақша табуды ұмытып бара жатқандай. Өтімділіктің үлкен профицитінен және бос ақша мен қымбат тұтынушылық несиелер арасындағы үлкен айырма есебінен оңай ақша табуға болатын модель жұмысын тоқтататын болады. Бұл банктердің әрекетке көшуге итермелуі тиіс: қарыз алушыларды бағалау шараларын қатайту және несиелерді оңға-солға шашып, бере беруді тоқтату. Ең бастысы, өсім, даму үшін жаңа, күрделі нүктелерді белсенді түрде іздеуі керек, мысалы, тәуекелдерді терең талдауды қажет ететін нақты секторды несиелеу дегендей, тек қана ешнәрсеге бас ауыртпай, бір орыннан жаппай несиелеуге беріле бермей", — дейді Сұлтанов.

Оның болжамынша, жылдың соңына дейін валюта нарығы басты тәуекел көзінің бірі болып қала береді.

"IV-тоқсан — дәстүрлі түрде ең турбулентті уақыт. Осы кезеңде жылдық бюджеттерді жаппай игеру басталады, бұл импортқа, демек, шетел валютасына сұранысты күрт арттырып, теңге бағамына қысым жасайды. Сондықтан, бәлкім, жоғары базалық мөлшерлеме бізде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін және жылдың соңына қарай оны тағы да жоғарлатуы мүмкін. Келесі жылы Үкімет "фискалдық шоғырландыруды" жоспарлап отыр (салықтардың өсіру және ұсталатын шығындар). Егер бұл саясат дәйекті болса және квази-фискалды ынталандыруға да әсер етсе, онда инфляцияның тұрақты баяулауы 2026 жылдың соңында болады деп үміттенуге болады. Мүмкін, осы уақытқа дейін базалық мөлшерлемені төмендетуге болатындай кеңістік пайда болар, бірақ әзірге "қымбат ақшаның" дәуірлейтін болады", деп нақтылайды ол.

Экономист Ұлттық Банктің қадамы – жаманның ішіндегі ең кішкенесін таңдау деп түсіндірсе де болатынын айтады.

"Әрине, уақыт жағынан дауласуға болады, бірақ ештен кеш жақсы деген бар емес пе? Жоғары инфляция азаматтардың әл-ауқат жағдайын төмендетеді. Сондықтан басқа жүрер бізде ұтымды жол қалмады. Қазіргі басты міндет – күтілетін қауіпті тәуекелдердің деңгейін төмендету және елді тұрақтылық жолына қайтару, тіпті экономиканы уақытша "салқындату" тұрғысынан болсын. Бұл шара бақын болашақта бақылауға келмейтін, әлдеқайда ауыр зардаптарға әкелетін экономиканың «қызып кетуінен» әлдеқайда жақсы көрініп тұр", деп сөзін түйіндейді Руслан Сұлтанов.

Айта кетейік, 2025 жылы 10 қазанда ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 1,5 пайыздық тармаққа көтеріп, 18% деңгейінде белгіледі.