• 29-04-2026

Қазақстаннан Грузия бағытына қарай жаңа әуе рейсі ашылды


Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейтіп, халықаралық рейстер санын арттыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.


15 желтоқсанынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты.

Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және жұма күндері — "Boeing 737 MAX 8" және "Boeing 737–800" типті әуе кемелерімен орындалады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіледі.

Айта кетсек, Атырау облысында Қытайдан келген турист жергілікті полицейлер жайлы ойымен бөліскен болатын.