"Қайрат" футбол командасының ойыншысы Дастан Сәтпаев жарақатынан емделу үшін шетелге аттанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Клуб өкілдерінің хабарлауынша, Дастан Сәтпаев қосымша қаралу үшін Қатарға аттанды.
"Қайрат" шабуылшысы бүгін түнде дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша қаралуға Дохаға жол тартады", — делінген команданың хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚФФ өкілдері ұлттық құраманың ойыншысы Дастан Сәтпаев оқу-жаттығу жиынына келіп, қосымша медициналық тексеруден өткенін мәлімдеген еді.
Тексеру қорытындысы бойынша футболшыда жарақат белгілері анықталды. Осыған байланысты бапкерлік және медициналық штаб ортақ шешім қабылдап, ойыншыны алдағы матчтарға қатыстырмау жөн деп тапты.
Бұл шешім футболшының денсаулығын сақтау және толық сауығып шығуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз