• 01-05-2026

ҚР СІМ бірінші орынбасары жаңадан тағайындалды

Қасым-жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2025 жылғы 13 ақпанда ҚР СІМ бірінші орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа қызметке Ержан Ашықбаев келді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды",- делінген құжатта.

Бұған дейін Ақан Рахметуллин ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылғанын жазғанбыз.