Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Қатысу үшін сайтта тіркеліп , кем дегенде 100 АҚШ долларынан бастап салым жасау талап етілген.
Көкшетау қаласында S-Group қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу дерегінше, ұйымдастырушылар S-Pharmaceutical және басқа да жобалар арқылы медициналық каннабис өндірісі мен дистрибуциясына инвестиция тарту сылтауын пайдаланған. Олар салымшыларға әрбір жаңадан тартылған адам үшін салым сомасының 5%-ы көлемінде табыс уәде етіп, кемінде 100 АҚШ долларынан бастап қаржы салуды талап еткен.
Агенттіктің мәліметінше, күдіктілердің бірі бұған дейін Life Is Good және Finiko қаржы пирамидаларына қатысып, одан табыс тапқаннан кейін ұқсас схема арқылы өз жобасын құрған.
"Нәтижесінде қаржы пирамидасына 59 азамат тартылып, олар жалпы 136 миллион теңгеден астам қаражат салған. Күдіктілер салымшылардың ақшасына елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған, оларға соттың санкциясымен тыйым салынды", – делінген агенттік хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Алматыда синтетикалық есірткі таратып жүрген жас жігіт ұсталды
Тергеу қорытындысы бойынша үш ұйымдастырушыға қатысты "ешқайда шықпау және тәртіп сақтау" бұлтартпау шарасы қолданылған.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды жоғары табыс уәде ететін күмәнді инвестициялық платформалар мен компанияларға ақша салмауға шақырды.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...