Монополияға қарсы агенттік Яндекс таксиге бағасына қатысты ескерту жасады
БҚДА мүдделі мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың қатысуымен такси қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті ...
Қазақстанда такси қызметі қымбаттауы мүмкін.
Әзірге нақты қанша пайызға өсетіні белгісіз. Бірақ жаңа салық ережесі қабылданса, бұл сала құрдымға кеткелі тұр деп сарапшылар дабыл қақты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осыған дейін салыққа 4 пайыз төлеп келген кәсіпкерлер енді 16 пайызға мүлде төтеп бере алмаймыз деп отыр. Сондықтан, еліміздегі 300-ге жуық таксопарк жабылудың аз алдында тұрған көрінеді. Мәселен, көлікті 1 күнге жалға беру құны қазір 12 мың теңге болса, қосымша құн салығы өссе 22 мыңға дейін қымбаттауы мүмкін.
Ал такси жүргізушісі бұл соманы шығару үшін тасымал құнын өсіруге тура келеді. Сөйтіп, көлеңкелі бизнеспен айналысатындардың қатарын арттыруы мүмкін. Жеме-жемге келгенде, қымбаттаған такси құны халықтың қалтасына салмақ түсіреді. Бүгінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам такси және курьер қызметінде жұмыс істейді.
БҚДА мүдделі мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың қатысуымен такси қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті ...
Бұрын көлікте белдік тақпағаныңыз және ұялы телефон пайдаланғаныңыз үшін 5 АЕК немесе 19 660 теңге төлейтін болса ...
1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңартылған Салық кодексі күшіне енеді. Құжат бизнес жұмысына елеулі өзгерістер енгіз ...