Ислам өркениеті орталығы – меценаттық қолдаудың жарқын үлгісі
Ташкенттегі Ислам өркениетінің орталығы – Өзбекстанның ең маңызды идеологиялық жобаларының бірі. Бұл – қарапайым с ...
Ол Өзбекстан астанасы Ташкентте 2028 жылы пайдалануға берілмек .
Аталған нысанға Жапонияның Sojitz корпорациясы 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюды көздеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Finratings.kz-ке сілтеме жасап.
Сарапшылар бұл жоба елді Орталық Азиядағы ең ірі авиациялық хабқа айналдыратынына сенімді. Әрі Қазақстанмен көлік және логистика саласындағы бәсекелестікті күшейте түседі.
Sojitz корпорациясы мен Сауд Арабиясының Vision Invest компаниясы жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форматында жүзеге асырмақ. Құрылысы жақын уақытта басталады.
Жоспар бойынша әуежай жылына 20 миллион жолаушыға дейін емін-еркін қабылдай алады, сағатына 40-тан аса ұшу мен қонуды жүзеге асырылуға қауқарлы.
Тәжірибелі жапон компаниясы осыған дейін Кумамото, Окинава және Палау әуежайларын тұрғызуға қатысқан еді.
Бұл жоба жоспарға сәйкес жүзеге асса, Ташкенттің жаңа әуежайы заманауи инфрақұрылым мен жаңғырудың символына айналмақ.
Ташкенттегі Ислам өркениетінің орталығы – Өзбекстанның ең маңызды идеологиялық жобаларының бірі. Бұл – қарапайым с ...
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары мәресіне ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкент ...