Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
МӘСҚ төлемі 6 айға дейін беріледі
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 285,2 мың адам болды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"Биыл олардың ішінде 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 95 млрд теңгеге жетті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады. Бұл төлемдер жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүргізіледі", – делінген хабарламада.
Жұмысынан айырылған азамат төлем алу үшін eGov.kz порталында немесе enbek.kz сайтында онлайн өтініш бере алады. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін жүйе автоматты түрде SMS-хабарлама жібереді. Азамат келісімін SMS арқылы растаған жағдайда төлем проактивті форматта автоматты түрде тағайындалады.
Оқи отырыңыз: Алматыда ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне ауысты
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...