• 29-04-2026

"СК-Фармация" компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенаттағы брифингте айтты.

"СК-Фармация"бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа мәліметтерді жариялай алмаймын", – деп мәлімдеді Жеңіс Елемесов.

Осыған дейін Мәжіліс депутаты Бақтыжан Базарбек "СК-Фармация" мемлекетке 35,8 млрд теңгеге жуық шығын келтіргенін айтып, бас прокуратураға шағым қалдырды. Оның айтуынша, компания дәрі-дәрмектерді нарықтағы бағадан 365%-ға дейін қымбатқа сатып алған.