Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
— Бүгінде «Самұрық-Энерго» ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асырып жатыр. Компания портфелінде 34 инвестициялық жоба бар. 2032 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланып отырған жалпы белгіленген қуат 11,5 гигаватт жаңа генерацияға тең. Бұл 14,5 трлн теңге. Егер жалпы алып қарайтын болсақ, Қазақстанның энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан барлық инвестициялық жобаның 60 пайызы «Самұрық-Энерго» жобаларына тиесілі, — деді компания басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің отырысында.
Оның атап өтуінше, ең маңызды жобалардың бірі — Алматы қаласын газдандыру. Оны 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
— ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 газға көшірілетін болады. Бұл жобалар келер жылдың соңына дейін аяқталып, газ стансасы іске қосылады. Өздеріңіз де білесіздер, орталықтарда ең заманауи технологиялық жабдықтар орнатылады. ЖЭО-2-де — бұл Siemens турбинасы, ал ЖЭО-3-те — Ansaldo турбинасы. Алматы жылу орталықтарын жаңғыртудың үлкен әсері болады деп күтеміз, — деді Қайрат Мақсұтов.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...