Қыркүйекте елде жылдық инфляция 12,9% болды (тамызда — 12,2%). Жылдық инфляция 18 өңірде жеделдеді, біреуінде баяулап, 1 өңірде бұрынғы деңгейде қалды , деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 12,7%-ды құрады (тамызда — 11,7%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (15,8%) жоғары өсім көрсетсе, Алматы қаласында (9,2%) ең төмен өсім тіркелді.
Қыркүйектің қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 10,8%-ға өсті (тамызда — 9,7%). Ең жоғары мән Ақтөбе облысында (13,2%), ең төменгі мән Алматы қаласында (8,6%) тіркелді.
Қыркүйекте ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде өзгеріссіз қалды — 15,3% (тамызда — 15,3%). Ал, Қызылорда облысында (9,6%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама төмен өсті.
Қыркүйекте ел көлемінде айлық инфляция 1,1%-ға өсті.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-