Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-грузин ынтымақтастығының перспективаларын талқылап, екі ел арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың әлеуеті зор екенін атап өтті.
Аида Балаеваның айтуынша, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық түрлі бағыттар бойынша белсенді дамып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан мен Грузия арасындағы мәдени ынтымақтастықтың болашағын талқылауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Біз мәдениет, кино, театр, музыка өнері, сондай-ақ музей, архив және кітапхана ісі салаларында өзара тиімді әріптестікке ашықпыз", – деді министр.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың өзге де бағыттары сөз болды. Атап айтқанда, волонтёрлік қызмет саласындағы ықтимал жобалар мен Қазақстан мен Грузия телеарналары арасында кинопродукция алмасу мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде Грузия Елшісі екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністік қағидаттарына негізделген көпжақты ынтымақтастықты кезең-кезеңімен дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін жеткізді.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...