• 16-12-2025

Щучинскіде монша кешенінде өрт шықты

17 қазан күні Бурабай ауданының Щучинск қаласында монша кешенінің төбесі өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құтқарушылар жалынды дер кезінде өшіріп, оның әрі қарай таралуына жол бермеді.

Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.