• 16-12-2025

Атырау облысында жаңа депутаттар сайланады

26 қазанда Атырау облысында аудандық мәслихаттарға қосымша сайлау өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өзгерістер Жылыой, Индер және Мақат аудандарының мәслихаттарында болады. Босап қалған мандаттардың орнына депутаттар бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады.

Осыған байланысты өңірге Орталық сайлау комиссиясының өкілдері келді.

"Олар аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарына қатысты, сондай-ақ дауыс беру күніне дайындық жұмыстары аясында сайлау учаскелерін аралады", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 12 қазанда Семей қаласында алғаш рет қала әкіміне сайлау өтті.