• 16-12-2025

Айгүл Иманбаева: Екі немереме де қазақша есім бердік

Әнші, актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева Jibek Joly арнасының "Бүгін Live" бағдарламасына берген сұхбатында екі немересіне де қазақша есім таңдағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Үйде анам бар, ол кісінің көзінше өзімді "әже" деп атай бермеймін. Мен апасымын. Көбінде немерелеріме қарайтын – анам. Екі немерем де тәтті. Үлкені 1,5 жастан асты. Есімі – Айсұлу. Екінші немерем – Айсұлтан. Біріншісін анам, екіншісінің есімін мен қойдым. Соңғы уақытта қазақша есімдер азайып бара жатқандай. Сол себепті, Айсұлтан қойдым. Әжесі Айгүл, әпкесі Айсұлу болған соң, Айсұлтан деген есімді таңдадым", – деді әнші.

Еске салайық, жуырда әнші екінші рет әже атанды. Әншінің ұлы Асылжан Абдумуталиев екінші рет әке атанды.

Айгүл Иманбаева шығармашылығын қайта қолға алғанын да айтты.

"Әр нәрсе өз уақытымен. Қазіргі таңда жеке шығармашылығымды қолыма алып жатқан жайым бар. Әншілік өнерімді, театрды. Кинодан да дәмем өте зор. Алда 50 жасым келе жатыр. Күнделік жазатын адаммын, мемуар-кітабым алда жарық көріп қалуы мүмкін", – деді әнші.

10 қазанда Айгүл Иманбаева астаналықтарға шағын шығармашылық кешін берді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз