Солтүстік Қазақстан облысының Арықбалық ауылының тұрғыны Александр Колесниченко ерекше олжаға кезіккен. Ер адамның айтуынша, ол мамонттың тісі болуы мүмкін. Өзінің алып табылысын ол аудандық "Айыртау таңы" газетінің редакциясымен бөліскен.
Бейнежазбадағы ер адамның әсерінен оның археологияға қызығушылығы бар екені аңғарылады. Дегенмен бұл жолғы табылған жәдігер оның өзін де таңғалдырған.
Алынған артефакт кәсіби мамандарға – "Ботай" музей-қорығына тапсырылмақ. Ондағы зерттеушілер олжаның нақты жасын және шығу тегін анықтау үшін сараптама жүргізеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от airtauskiezori (@airtauskiezori)
Айта кетейік, осы уақытта Павлодар облысында да әлеуметтік жобаға байланысты қызықты оқиға белгілі болды.