Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан қалай жазылғанын айтып, автоголға қатысты пікірін жеткізді. Футболшы сәтсіз жағдайды тез ұмытып кеткен көрінеді, деп Qazsport телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Темірлан Анарбеков ойыннан кейін сұқбат беріп, "Пафоспен" өткен матчқа қатысты ойын айтты. Қақпашы кездесу аса тартысты болғанын алға тартып, бүгінде команда Қазақстан чемпионатындағы келесі кездесуіне дайындықты қызу бастап кеткенін жеткізді.
Сонымен қатар футболшы қолдау білдірген барша жанкүйерге алғысын білдіріп, "Ақтөбемен" ойында алған жарақаты туралы айтты. Сөзінше, ол аз уақытта қалыпқа келіп, келесі матчтарға толықтай дайын.
Оған қоса Анарбековке автогол туралы сұрақ қойылды.
"Алаңдағаным рас. Бірақ бұл — футбол. Автогол жайында тез ұмытып, ойынды ары қарай жалғастырып кеттім", — деді қақпашы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз