2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Ересектер арасында Қазақстан чемпионы Әмір Омарханов Тунистегі турнирде қарсыласын еш қиындықсыз жеңді.
17 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды.
1/16 финалда ол Ұлыбритания спортшысы Джереми Гшвендтнермен сынға түсіп, кездесуді 7:6 (7:5), 7:5 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Келесі кезеңде Омарханов италиялық Микеле Рибекаймен кездеседі.
Ал Қытайдың Хучжоу қаласында өтіп жатқан ITF M 25 турнирінде Григорий Ломакин (ATP рейтингінде №977) қытайлық Чжэньсян Донгты (№1390) 6:4, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Бәсеке басында қытайлық теннисші қарсылық танытқанымен, екінші сеттегі 2:2 есебінен кейін Ломакин ойынды толық өз бақылауына алды. 1 сағат 16 минутқа созылған матч 6:4, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Келесі айналымда ол турнирдің төртінші ракеткасы, тайваньдық Куань-И Лимен кездеседі.
Сонымен қатар, жұптық сайыста Ломакин ресейлік Николай Галакпен бірге қытайлық Чен/Ван дуэтін 6:3, 6:3 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.
20 қазан басталған жарыс 26 қазан күні мәресіне жетпек. Турнирдің жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...