Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Астанада жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр.
Бұл туралы елорданың терроризмге қарсы күрес штабы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Хабарламада оқу-жаттығу таңғы сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін "Барыс Арена" мұз айдынында өтетіні айтылған.
Көпфункционалды "Барыс Арена" мұз айдынында (Тұран даңғылы, 57) жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау органдары мен арнайы күштердің лаңкестік оқиғаларға шұғыл ден қою тапсырмаларын орындауға дайындығын тексеру, – деп хабарлады штаб.
Осыған байланысты жаттығу өтіп жатқан аумақта жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің нұсқауын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратпауға шақырамыз, — деп атап өтті Астананың терроризмге қарсы күрес штаб.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...