АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаунды аяқтайтын келісім қабылданды
Конгресс ұзақ уақыт бойы бір мәмілеге келе алмады . АҚШ сенаторлары шатдаунды аяқтауға бағытталған екі партия ...
Мұндай контенттің артында адамдар тұр.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дипфейк жасайтындарды жауапкершілікке тарту мәселесі пысықтауды қажет ететінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Әлеуметтік желілерде дипфейктердің көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Белгісіз адамдар түрлі жалған мәлімдемелер жасап, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратып жатыр. Арасында қандай да бір қорға ақша аударуға шақырып жатады. Бұл – алғашқы дабыл белгілері. Алдағы уақытта жасанды интеллект технологиялары дами түскен сайын мұндай жағдайлар өте үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Сондықтан да қазір құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, жауапкершілік мәселесін пысықтауымыз қажет", – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасының сөзінше, мұндай контентті жасанды интеллект емес, адамдар жасайды.
"Осындай жалған ақпарат пен алаяқтық әрекеттердің артында адамдар тұр. Сондықтан оларды алаяқтық, бопсалау немесе заңсыз ақша жинау баптары бойынша жауапқа тарту керек. Әрине, бұл оңай мәселе емес. Бірақ егер болашақта қоғамда тәртіп орнағанын, бәрі заңға сай болғанын қаласақ, онда осындай әрекеттер үшін нақты жауапкершілікті де қарастыруымыз қажет", – деді ол.
Сенаттың жалпы отырысына қатысқан Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.
Айта кету керек, бұған дейін сенаторлар жасанды интеллект туралы заңды Мәжіліске қайтарғанын жазғанбыз.
Конгресс ұзақ уақыт бойы бір мәмілеге келе алмады . АҚШ сенаторлары шатдаунды аяқтауға бағытталған екі партия ...
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасына 2025 жылғы 2 қазанда алғаш рет цифрлық директор – SKAI (Samruk-Kazyna Artificial I ...
Қазақстанда дипфейктерді жасап, таратқандарға жауапкершілік енгізіледі. Жасанды интеллект және цифрлық даму в ...