• 30-04-2026

"Қайрат" - "Астана": чемпиондық матчтың билеттері толығымен сатылып кетті

Қазақстандық премьер-лиганың соңғы туры аясында өтетін "Қайрат" пен "Астана" командаларының арасындағы матчтың билеттері толығымен сатылып кетті. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Премьер-лига маусымының соңғы матчтарының барлығы 26 қазанда сағат 15:00-де басталады. "Қайрат" пен "Астана" арасындағы шешуші ойын Алматының Орталық стадионында өтеді.

"Матч басталардан 2-3 сағат бұрын келіңіздер. Кезекке тұрып қалмай, кіру бақылауынан еркін өтіңіздер. Үш жақтан кіруге мүмкіндік бар: Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынұлы көшесі жағынан", — делінген алматылық клубтың ресми хабарламасында.

Сондай-ақ "Қайрат" өкілдері ойын күні жанкүйерлерге арналған бағдарлама өтіп, интерактивті аймақтар, тегін аквагрим, дәмді тағамдар мен сусындар болатынын хабарлады.

Айта кетейік, бұл тартысты матчта Қазақстан премьер-лигасының чемпионы анықталмақ. Соңғы тур алдында алматылық клубтың еншісінде 58 ұпай болса, елордалықдар 56 ұпай жинаған. Чемпиондық титулды қорғау үшін "Қайрат" командасына ұтылмай, тең есеп ұстаса да жеткілікті. Ал "Астана" бұл кездесуге жеңіске жетсе ғана чемпион атанады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз