"Қазгидромет" РМК 24 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде тұман түсіп, үсік жүретінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігнде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. 24 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысында, Маңғыстау облысында және Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз