Елімізде жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындар үшін өтінім беру тәртібі өзгерді. Енді өтінімді онлайн беруге болады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алғаш рет алу тәртібінің өзгергені туралы хабарлайды.
Енді өтінімді мамандандырылған бөлімшелерге бармай-ақ, "ЦОН" мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.
Медициналық анықтама, автомектепті бітіргені туралы куәлік, шектеулердің жоқтығы мемлекеттік дерекқорлар мен ақпараттық жүйелердің біріктірілуі арқылы автоматты түрде тексеріледі.
Өтінім бергеннен кейін теориялық және практикалық емтихан тапсыру үшін ыңғайлы уақытты таңдауыңыз қажет", — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" жүргізуші куәлігін алу үшін қажет құжаттардың бірі – 073/е медициналық анықтамасын автоматты түрде тексеруді енгізгенін хабарлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз