Алматы облысы Есік қаласында кісенделіп қалған бүлдіршінге көмек көрсетілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның хабарлауынша, бүгін 101 нөміріне Алматы облысы Есік қаласында болған ерекше жағдай туралы хабар түскен. Аулада ойнап жүрген балақай ескі қолкісенді тауып алып, қызық үшін оны аяғына салып көрген. Қолкісенді өз бетінше шеше алмаған бүлдіршінге ата-анасы да көмектесе алмай, ақыры құтқарушыларға жүгінген.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, қолкісеннің ескі үлгіде екенін байқап, ескірген құлып механизмі бар бұйым екенін анықтады. Құтқарушылар кәсіби шеберлігі мен тапқырлығының арқасында қолкісенді абайлап ашып, баланың аяғына зақым келтірмей босатты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз