• 16-12-2025

Баян Алагөзова әлеуметтік желіде сүйінші сұрады

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.

Баян Алагөзова барша қазақстандықты келе жатқан Республика күнімен құттықтап, қуанышты жаңалығын жариялады.

«Бүгін менің анамның арманы орындалды — мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атандым! Жоғары марапатты мен мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қолынан алдым. Бұл мен үшін зор құрмет әрі үлкен жауапкершілік. Отаныма қызмет етемін», – деп жазған продюсер желідегі парақшасында.