• 16-12-2025

Шавкат Рахмонов ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

Даңқты спортшы Шавкат Рахмонов ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Олардың қатарында спортшы Шавкат Рахмонов та бар.

Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновтың Қазақстанның атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүргенін атап өтті.

Айта кетейік, мемлекеттік награда алған азаматтардың қатарында танымал мәдениет және өнер қайраткерлері де бар.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз