"Жеңілдетілген несие алуға көмектесем": Астанада 16 адамды алдаған алаяқ сотталды
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Астанада азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Онда Ақмола облысынан келген өндірушілер елу түрлі өнім ұсынып, базар бағасынан 20 пайызға төмен саудалады. Бас-аяғы жиынға 100-ден астам кәсіпкер қатысты.
Астықтың астанасы атанған Ақмола аймағында 130-ға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорын бар. Онда азық-түліктің түр-түрі дайындалады. Бүгін осы өндірушілер бас қаладағы жәрмеңкеге арнайы келіп, 500 тоннаға жуық өнім ұсынды.
Дулат Сердәлі, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
- Жалпы 150 тонна ет және шұжық өнімдері, шамамен 30 тонна сүт өнімдері, 150 тонна картоп, 30 тонна көкөніс алып келідік. Бұдан қалды үш тоннадай балық өнімдері бар. Нарықтық бағамен салыстырғанда 20-30 пайызға төмен. Бұл жәрмеңке бүгінгі Республика күніне байланысты өткізіліп отыр.
Айтайық, Ақмола тауарын Астана тұрғындары сүйіп тұтынады. Мәселен, елордаға ет пен сүттің 30, ұнның 40, жұмыртқаның 80 пайызы Ақмола облысынан әкелінеді. Бүгін де келген қарашаның қарасы қалың.
Райымбек Қабдырзақ, «Моя ферма» компаниясының бөлім басшысы:
- Біз бүгін бір тоннадай өнім алып келдік. Жәрмеңке өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. 13-15 ассортиментімізді алып келдік. Қазіргі таңда өндірісімізде бар барша ассортименттерді алып келдік. Жалпы барлығы табиғи өнімдер. Айран, йогурт, ірімшік бізде өте жақсы өтеді. Бүгін жәрмеңкеге өндірістен де өте төмен бағада алып келіп отырмыз, халыққа тиімді бағдарламалар алып келдік.
Алда да бас қаладағы базарларда Ақмола өңірінің өнімдері көптеп сатылады. Облыс басшылығы екі жылда тағы 86 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бейім. Меже орындалса, өнімділік көлемі артады.
Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Марат Диханбаев
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсеткен . Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап кетуі салдарынан ауыр ж ...
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...