Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорда мәліметіне сәйкес, президент құттықтау жеделхатында Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өткен.
"Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді", — делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдағаны туралы жазған едік. Президент Патшайым-Ана Сирикиттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-