Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Алматылықтарға тең нәтиже де чемпиондық атақты сақтап қалуға жеткілікті болса, астаналықтарға тек жеңіс қажет болатын.
Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) соңғы, 26-турында Алматының "Орталық" стадионында алтынға басты үміткер қос команда – жергілікті "Қайрат" пен елордалық "Астана" кездесті.
Ойынның алғашқы бөлігі қонақтардың басымдығымен өтті. "Астана" белсенді прессинг жасап, шабуыл мүмкіндіктерін іздеді. Көп ұзамай, 15-минутта хорват легионері Марин Томасов Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаны дәл көздеп, есеп ашты.
Бір гол жібергеннен кейін алматылықтар қарқын қосып, ойын тізгінін өз қолына алды. Екінші тайм алаң иелерінің айқын басымдығымен басталды. 56-минутта жас шабуылшы Дастан Сәтпаев тамаша соққысымен есепті теңестіріп, "Қайратты" қайта чемпиондық жолға қайтарды.
Ойынның қалған бөлігі тартысты өтті. "Астана" бар күшін салып алға ұмтылғанымен, тағы бір гол соға алмады. Ал "Қайрат" бірнеше рет қауіпті қарымта шабуыл ұйымдастырды.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, "Қайрат" басты қарсыласымен өткен шешуші ойында чемпиондық атағын қорғап, Қазақстан Премьер-лигасының қатарынан екінші мәрте чемпионы атанды.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...