Арменияға бидай экспорты артады
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Есептегіш құрылғысын орнатпаған тұрғын үйдің адамдары тіршілік нәрінің ақысын тіркелген адам санына қарай төлейді.
Енді қазақстандықтар көршісі үшін де судың ақысын төлейді. Яғни, көпқабатты үйдің су есептегіш құрылғысы мен жеке есептегіштің көрсеткішінде айырмашылық болса, төленетін сома тұрғындардың бәріне теңдей бөлінеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Түбіртектегі өзгеріс 1 қарашадан басталады. Қазақстандықтар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өзгерісіне қарсы. Олар өзге үшін судың ақысын төлеу ақылға қонымсыз деп есептейді.
Айта кетейік, халықтың көңілінен шықпаған жайт — келесі айдан бастап есептегіші жоқ тұрғындар үшін көршілерінің су ақысын төлеуі жөніндегі жаңа ереже.
Есептегіш құрылғысын орнатпаған тұрғын үйдің адамдары тіршілік нәрінің ақысын тіркелген адам санына қарай төлейді. Ал құрылғы тек кейбірінде ғана қосылған баспаналарда аралас тәсіл қолданылады.
Яғни бір бөлігіне нақты көрсеткішпен, ал екінші бөлігіне әкімдік белгілеген нормамен есептеледі. Пәтерлердің барлығында есептегіш орнатылған болса, онда үйдің ортақ есептегішіндегі көрсеткіш маңызды болады. Мысалы, құрылғы айына 100 текше метр су көрсетсе, ал барлық пәтерді қосқанда 95 текше метр шықса, айырмашылық — 5 текше метр. Сол судың ақысын тұрғындар бірігіп төлейді.
"Елді мекендердегі сумен жабдықтау және суды бұру бойынша қызмет көлемін есептеудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету мақсатында арнайы әдістеме қабылданды. Оның негізінде тұрғын үйлердегі сумен жабдықтау мен су бұру қызметтері ортақ есептегіш арқылы бақыланады. Өзгерістер су бағасының өсуіне әкелмейді", – делінген хабарламада.
Ереже 2025 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді. Ал мамандар тұрғындарға есептегіштерді дер кезінде тексеріп отыруға кеңес береді.
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Тэгу қаласында Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі ұйымдастырған Korea Internationa ...
Ал жаңа үйлердің кепілдік мерзімінің аяқталуына небәрі жарты жыл уақыт қалыпты. Петропавлда тасқыннан зардап ш ...