Әлемдегі ең үздік сегіз теннисші қатысатын WTA маусымның қорытынды турнирінің ұйымдастырушылары жарыстың алғашқы күндерінің кестесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы қорытынды турнир Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Бұл додаға қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да қатысады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от WTA Finals Riyadh (@wtafinalsriyadh)
Әлемнің алтыншы ракеткасы Рыбакина жеке сында өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы – америкалық Аманда Анисимова. Кездесу 1 қараша күні, Астана уақытымен сағат 21:30-да басталады.
Ал WTA Finals турнирінің Серена Уильямс атындағы тобындағы ашылу матчында Ига Швентек (Польша) пен Мэдисон Киз (АҚШ) кортқа шығады.
Келесі ойындарда Елена Рыбакина Швентек пен Кизге қарсы ойнайды.