Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Қазақстан жолдарында жаңа бақылау аркалары орнатылды.
2025 жылғы 29 қазаннан бастап "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жылдамдық режимін бұзу деректерін автоматты түрде Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына (ӘІБТ ПО) жіберуді бастады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Жаңа жүйе көлік жылдамдығын автоматты бақылау аркалары арқылы тіркеп, деректерді тікелей ӘІБТ ПО-ға жолдайды. Бұл шара жол ережесін бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамаларды қалыптастыру кезінде ашықтықты, әділдікті және тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жылдамдық тіркелетін негізгі учаскелер:
"Көкшетау – Петропавл" автожолы:
"Алматы – Қорғас" автожолы:
Жүйе көліктің нақты қозғалыс жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен салыстырады. Егер жылдамдық асып кетсе, ақпарат автоматты түрде ӘІБТ ПО жүйесіне жіберіліп, әкімшілік материалдар қалыптастырылады.
Оқи отырыңыз: "ҚазАвтоЖол": Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Компания жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.
Бұл бастама республикалық маңызы бар трассаларда жол қауіпсіздігін арттыруға, жол апаттарын азайтуға және әділ бақылау жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...