• 16-12-2025

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қайтыс болды

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Ол кеше түнде Астанада жанжал кезінде соққыға жығылған.

Telegram желісіндегі egov.press арнасы Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Бабақұмаровтың Астанада кісі қолынан қаза тапқанын жазды.

"Казинформ" халықаралық ақпарат агенттінінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 29-ынан 30 қазанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Ержан Бабақұмаров кешті достарымен бірге өткізген. Жиналғандар арасында кикілжің туып, ол төбелеске ұласқан. Бабақұмаров алған жарақатының салдарынан қайтыс болды.

Бұл іске қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарланды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз