Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев сенат кулуарында жемқорлық бабы бойынша сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың тойда жүрген сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Хаменова ханымға қатысты айтар болсам, иә, үш жылға кейінге қалдырылды (жаза мерзімін өтеу – автордың ескертпесі). Кейінге қалдыру, негізінен, оның мұндай шараларға қатысуына тыйым салынды деген сөз емес. Оның үстіне ол пробация қызметінен рұқсат алған.
Жалпы кейінге қалдыруға қатысты айтарым, 16 шілдеде қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілді. Бұрын жазаны өтеуді кейінге қалдыруға рұқсат беру не бермеу соттың еркі бойынша шешілетін. Енді кейінге қалдыруға рұқсат беруді сот шешуге міндетті.
Алайда жаза мерзімін өтеуді кейінге қалдыру ауыр және аса ауыр қылмыстарға — терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық әрекеттерге қатысты қолданылмайды", — деді Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз