"Жеңілдетілген несие алуға көмектесем": Астанада 16 адамды алдаған алаяқ сотталды
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергеннен кейін, еліміздегі көптеген банктер ипотекалық бағдарламаларын уақытша тоқтатқан еді.
Дегенмен, қазіргі таңда бірқатар қаржы ұйымдары нарыққа қайта оралып, жаңа шарттармен ипотека беруді бастады, деп хабарлайды Krisha.kz порталы.
Сарапшылардың айтуынша, ипотека нарығы құлдыраған жоқ, бірақ айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Қай банктер ипотека беруді қайта бастады?«Классикалық төмен пайызды бағдарламалар жойылып, олардың орнына серіктестік және аралас үлгідегі шешімдер келді. Қазір банктер құрылыс компанияларымен бірігіп, түрлі форматтағы ипотекалық өнімдерді ұсынып отыр», — делінген жарияланымда.
Halyk Bank қазір бастапқы тұрғын үйге арналған серіктестік ипотека бағдарламаларын және екінші нарықтағы баспанаға несиелерді ұсынады.
Пайыздық мөлшерлеме жылына 20–25% шамасында.
BCC те ипотеканы қайта іске қосқан банктердің қатарында.
Сыйақы мөлшерлемесі 20-25% аралығында.
Банк қарыз алушыларға қойылатын талаптарды күшейткен.
Altyn Bank әзірге тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйлерге арналған серіктестік ипотеканы ұсынады.
Классикалық ипотека бағдарламалары уақытша тоқтатылған.
Қазіргі жағдайда төмен пайызды ипотекалар сиреп, банктер жоғары мөлшерлемемен және аралас қаржыландыру үлгісімен жұмыс істей бастады.
Сонымен қатар, ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін төмендету қарастырылғанымен, бұл шешім 2026 жылдың жазына дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, бұл қадам банктердің тұрақтылығын сақтап, ипотекалық несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.